ҚАРАТАУДЫҢ ҚАРА НАРЫ

263
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әкімшілігі 2023 жылғы 26 сәуір күні сағат 11.00-де «Айтыс дәстүрі: өткені, бүгіні мен келешегі акциясы аясында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, республика және облыстық ақындар айтыстарының бірнеше дүркін жүлдегері, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының ғылыми қызметкері, айтыскер ақын Ербол Қамбатыровпен кездесу кеші өтті.
Суреттегі көргендеріңіздей елге белгілі зиялы қауым өкілдері — ақын-жазушылар, айтыскер ақындар, түрлі өнер өкілдері мен жастар қатысты.
Сырлы сұқбат, талғамды ойлар, әсем әндер жан сарайымызды нұрландырып, ұйымдастырушыларға рахмет айтып қайттық!
Ринат Нуракбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.