Қаратаудағы қоныстой

347

Таласта баспананы көптен күткен тұрғындарды қуантқан іс-шаралар жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан 80 пәтерлі көпқабатты үй ел игілігіне берілген болатын. Міне аталған игі іс-шара бүгінде өз жалғасын табуда.
Ағымдағы жылдың 10 шілде күні Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесі №10 және №3 мөлтекауданы №16 көпқабатты тұрғын үйлердегі 192 пәтер қайта жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған тұлғаларға пәтер кілті табыс етілді.
Салтанатты кілт тапсыру рәсімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Медет Уристенов, аудандық мәслихат төрағасы Қадірбек Садубаев және аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қоныс той иелерін қуанышымен құттықтай отырып, ізгі тілектерін білдірді.
Айта кетейік, тұрғын үй кезегіндегі халықты баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.