«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясынан 700 млн теңге айыппұл өндірілді

19
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/259187-qarasyganaq-petroleum-opereiting-kompaniiasynan-700-mln-tenge-aiyppul-ondirildi

Айыппұл қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін салынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АҚ (бұдан әрі — Компания) жұмысын тексеріп, қоршаған ортаға нормативтен тыс ластаушы заттар мен төгінділер шығарылғанын, жалпы көлемі 264 тонна болатынын анықтаған.

Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Компания ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу).

Жалпы сомасы 739 568 808 теңгеге айыппұлдар толығымен өндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.