Қарағандылық тергеуші джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

126

Қарағандылық тергеуші Бангкокте джиу-джитсуден өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таиланд астанасы Банконг қаласында джиу-джитсуден өткен Азия чемпионатында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты оңтүстік-шығыс полиция бөлімі, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды. Аталған байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 600 спортшы қатысқан.

 Мен тек финалға өтемін деп ойладым. Алтын медальға талас кезінде бұрын қарсылас болған Тайландықпен кездестім. Онымен былтырғы жылы өткен Азия чемпионатында бақ сынасқам. Кеше кезекті кездесуіміз өтті. Алтын медаль ұтып алғаныма қуаныштымын, – деді Аян Әмзе.

Айта кетейік, Аян Әмзе Қазақстан құрама командасының ішінде чемпион атанған жалғыз қыз. Спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған. Ал Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында оқып жүргенде джиу-джитсумен айналысып, бірқатар жетістіктерге жеткен.

https://turkystan.kz/article/215189-karagandylyk-tergeushi-dzhiu-dzhitsudan-aziya-chempiony-atandy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.