Қарағандыда педофилді өлтірді деген алты адам сотталды

85

Қарағанды соты 4 қаңтарда алты айыпталушының әрқайсысын жеті жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz.

Жасөспірімдердің ата-аналары балаларының педофилді тек ұрғанын, ал оның өліміне басқа бір адам кінәлі деп отыр.

Адам өлімі осыдан екі жарым жыл бұрын Қарағандыға қарасты Майқұдықтағы шағынауданда болған. 2020 жылы 28 мамырда жергілікті тұрғын 14 жастағы қызды зорламақ болған. Жәбір көрген қыз кейін өзінің құрбысына, достарына айтып, педофилдің жазасын беруін өтінген. Осыдан кейін алты бірдей жасөспірім әлгі күдіктіні гараж жақта ұстап, ұрған.

Оқиға болған кезде сотталғандардың жасы 16-да болған.

https://turkystan.kz/article/209801-karagandyda-pedofildi-oltirdi-degen-alty-adam-sottaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.