Қарағанды облысында 15 жастағы қыз сыныптастарымен демалысқа шығып, суға батып кетті

93

батып кетті

Қайғылы оқиға 3 маусым Нұра ауданында болды. Қыз құрдастарымен бірге көкке шықты. Балалар Нұра өзенінің жағасында демалған.

«ТЖД кезекшісінің пультіне 15 жасар оқушы Егінді ауылынан үш шақырым жерде  суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 13: 25-те оқиға орнына бір жүзу құралы мен бір техникасы бар үш құтқарушы шықты. Бөлімшеден орынға дейінгі қашықтық шамамен 240 километр», – деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде ойнап жүрген бала суға батып кеткен.

https://stan.kz/karagandi-oblisinda-15-zhastagi-kiz-siniptastarimen-dem-383207/

Leave A Reply

Your email address will not be published.