Қара өріктің денсаулыққа 5 пайдасы

181

Жаздың ортасы – көптеген жеміс пісетін уақыт. Сондықтан қазір көбірек қара өрік жинауға тырысыңыз. Себебі оның біз білмейтін пайдалы қасиеті көп, деп жазды turkystan.kz BBC Good Food-қа сілтеме жасап.

Алхоры дәруменге бай жеміс қана емес, сонымен бірге көптеген өлімге әкелетін аурулардан қорғай алады. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жемістің калориясы төмен әрі жоғары антиоксиданттық құрамымен кеңінен танымал. Алхоры құрамында шабдалы мен нектариндерге қарағанда антоцианиндер көп. Антиоксиданттар уайым пен стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Қант диабетімен, семіздікпен немесе тіпті қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға да осы жемісті көбірек тұтыну ұсынылады. Өйткені қара өрік қабынуға қарсы қасиетке ие. Оның құрамындағы фитохимиялық заттар жүрек ауруының алдын алуға да көмектеседі.

Кофеде де кездесетін полифенолдар мен хлороген қышқылы қандағы қант деңгейін реттеуге қабілетті. Бұл қосылыстар тәбетті қалыпқа келтіруге және артық тамақтанбауға көмектеседі. Сондықтан артық салмақтан арылғысы келетін адамдар да тамақтану тәртібіне қара өрікті қосса болады. Сонымен қатар бұл жеміс денсаулықты сақтауға қажетті талшыққа бай.

Жемістерде қанның тез ұюын қамтамасыз ететін кальций, калий және С дәрумені де көп. Жақында жүргізілген зерттеулер жемістердегі полифенолдардың жоғары мөлшері когнитивтік функцияны жақсартып, Альцгеймер және Паркинсон ауруларының қаупін азайтатынын көрсетті.

Дегенмен қара өрік барлығына бірдей мұндай пайда әкелмейтінін ескерген жөн. Кейбір адамдарда бұл жемістерге аллергия болуы мүмкін. Егер оны жегеннен кейін өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, жүрек айнып, теріңізде бөртпелер пайда болса, диетаңыздан бұл өнімді алуға тырысыңыз.

Күнделікті ұсынылатын қара өрік нормасы күніне – 80 грамм, яғни шамамен екі жеміс.

https://turkystan.kz/article/227983-kara-oriktin-densaulykka-5-paydasy/

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.