Қар, боран, көктайғақ: 1 наурызда ауа райы қандай болады?

160

Қазгидромет синоптиктері 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.

Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады.

Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.