Қаңтарда зардап шеккен 540 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді

102

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасының орынбасары:

«Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қоры құрылғанына бір жыл болды. Қаңтар оқи­ғасынан кейін құрылған қордың барша қа­зақстандықтың қорына айналуы керек екені сол кезде айтылған еді. Қор жұмысының қа­зіргі беталысы қандай? Жалпы, бір жыл ішінде қор жұмысы аясында қандай міндеттер орын­далды? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қо­ры­ басқарма төрағасының орынбасары Ләз­зат Шыңғысбаевамен сұхбаттасқан едік.

– Қордың ашылғанына бір жыл толып отыр. Кез келген ұйым үшін бұл ұзақ уақыт емес, алайда қордың алдына қойылған қандай міндеттер орындалды?
– Иә, ауқымды мақсат-міндеттер қойыл­ған ұйым үшін бір жыл деген өте қысқа мерзім. Қоғамның қорға де­ген талабы жоғары және үнемі ел на­зарында екенімізді жақсы білеміз. Сон­дықтан осы уақыт ішінде барынша жұ­мыс істеу моделі мен тәсілдерді пы­сықтауға тырыстық. Қайырым­ды­лық қызметті жүйелі әрі ашық жүр­гі­зіп жатырмыз. Сол себепті денсаулық сақ­тау мен әлеуметтік қолдау, білім, спорт салалары және төтенше жағдай ке­зінде көрсетілетін көмек аясында 20-дан астам қайырымдылық бағдар­ла­масы мен жобасын іске асырудамыз.
Ашықтық демекші, қордың сай­тында қайырымдылық көмекке қа­тыс­ты барлық ақпарат, қаржылық есеп, қаражат түсімі, қаражат жі­бер­ген­дердің тізімі, қайырымдылыққа жұм­салған қаражаттың бағыты, қор қыз­метінің жаңалықтары мен құжат­тары бар. Сондай-ақ қор сайты арқы­лы азаматтар, ұйымдар жобаны іске асыру бойынша онлайн түрде өтінім бере алады. Жалпы, өткен жылы қор қыз­метінің институционалды негізін қа­лыптастырды. Енді «Қазақстан хал­қына» қорының өнімділігін арттыру мақ­сатында қайырымдылық бағ­дар­­ла­малары мен жобаларды тиім­ді іс­ке асырып, көмек бе­рілген мұқ­таж жан­дар­дың санын еселеп, істің нә­ти­желі болғанын мақсат етіп отыр.
Қаңтарда зардап шеккен 540 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді– Осы уа­қыт ара­лы­ғын­да қан­ша өтініш түс­ті және аза­ма­т­тар­­дың сауалы кө­біне қандай мәсе­ле­лер­ді қамтиды? Ха­лық қан­дай проб­ле­мамен жү­гінеді?
– Бір жыл ішінде қорға 40 мың­нан астам өтініш келіп түсті, оның басым бөлігі қор құрылған алғашқы айларда жолданды. Себебі бұл уақытта қордың басым бағыт-мін­деттері анық­талып, қайырымдылық бағдар­ла­малары мен жобаларын жү­зеге асыру енді басталып, көптеген ұйым­­дастырушылық мәселе шешіліп жат­ты. Өзіңізге мәлім, басында келіп түскен өтінім­дер әлеуметтік мә­селені шешу, баспана, тұрмыс­тық, ба­залық қажет­тіліктер бойынша бол­ды. Деген­мен өтінім­дер­дің көбі ден­­саулық сақ­тау, білім беру, спорт бағы­тында, тө­тен­ше жағдайлар бойын­ша түседі. Қор қоғам­дағы мәселелерді жүйелі ше­шу мақсатында ке­ліп түскен өтінім­дер не­­гізінде қайы­рым­­ды­лық жо­­­­­­баларын іс­­ке қосты. Мы­­салы, елімізде ин­новациялық про­тез­ге мұқтаж аза­мат көп. Протез әсіресе бала­лар мен жас­тарға маңызды. Сондықтан біз осы санаттағы аза­маттар үшін арнайы бағдар­ла­ма әзірледік. Қазір 60 адамға, оның жар­тысынан астамы балаларға ин­новациялық, яғни көпфунк­цио­налды протездер табысталды. Протез беріл­ген ең кішкентай мұқтаж жан – Оралда тұратын бір жасар Ақұштап деген қы­зымыз. Ал сал ауруына шал­дыққан балалардың жүріс-тұрысын, қоз­ға­лысын жақсартуға мүмкіндік беретін экзоскелет құрылғысымен
4 баланы қамтамасыз еттік, биыл тағы да 9 ба­лаға экзоскелет әзірлеу жос­парла­нып отыр.
Одан бөлек, өкінішке қарай, елі­м­ізде қан тамыр жүйесінде па­то­логиясы бар балалар саны өсіп келеді. Қазір аз қамтылған отбасы­лар­дан шыққан 90-нан астам бала қор­дың серіктесі – А.Қарабеков атындағы әлеу­меттік медициналық орталы­ғы­ның базасында тегін дәрі-дәрмек те­ра­пиясы мен лазерлік ем алып жатыр. Жо­бамызды мемлекет назарға алып, биылдан бастап МӘМС бойынша ке­піл­дендірілген көмек түріне енетін болды.
– Қазір ауру жасарып жатыр деп әлем ғалымдары дабыл қағып отыр. Елімізде шала туған нәрес­телердің мүгедектік деңгейі де алаң­дататын сұрақ. Сәбилердің денсаулығын жақсарту үшін қор қандай жобаларды қолға алды?
– Шынымен де, соңғы 10 жылда Қа­зақстанда мүгедек балалардың са­ны 2 есеге жуық өсті: ерекше балалар саны 100 мыңға жақындап қалды. Мү­­­­гедектіктің даму қаупінің негізгі фак­торларының бірі – шала туған ба­лалардағы орталық жүйке жүйесі­нің зақымдануы. Samruk-Kazyna Trust және «Қамқорлық» қорларымен бірле­се 13 өңірде Ерте араласу орталық­та­ры­ның материалды-техникалық ба­за­сын жаңартуды жоспарлап отыр­мыз. Одан бөлек, 31 медициналық ұйым­ға шала туған нәрестелердің ре­тинопатиясын офтальмологиялық ск­рининг пен емдеуге арналған жаб­дық­тармен қамтамасыз етеміз. Бұл өз ке­зегінде нәрестелердің зағип болуы­ның алдын алуға мүмкіндік береді.
Қаңтарда зардап шеккен 540 адамға қайырымдылық көмек көрсетілдіЕлімізде аутизмі бар ерекше ба­лалар бар. Биыл аутизмі және бас­қа да ерекше күтімді қажет ететін ба­лаларға арналған 8 орталық ашы­ла­ды. Әр ор­талықта 125 бала кешенді қыз­мет ала­ды, жалпы қолдау көлемі мың ба­ланы қамтиды. Қымбат дәрі-дәр­мекке мұқтаж адам­дарды қам­та­ма­сыз ету бағытында біз тек сирек жә­не ауыр сырқаттары бар адамдарды қым­бат дәрілік препарат­тармен қам­та­масыз ету міндетін алдық. Қазір 15,34 млрд тең­геге 130 адам, оның ішін­де 100-ге тар­та бала қымбат дәрі­лік препарат­тармен қамтамасыз етіл­ді. Тағы 124 емделушіге дәрі-дәрмек жет­кізіледі. Сондай-ақ қор 12 емделу­ші­ні шетелдік клиникаларға жіберді. Ден­саулық сақ­тау министрлігі әзір­ле­ген онколо­гия­лық көмекті дамыту бағ­дарламасы аясында онкологиялық ауруы бар аза­мат­тарға қолдау көкжие­гін кеңейтетін боламыз.
Тағы бір мәселе – донорлық. Ор­ган­дарды трансплантациялау бойын­ша көптеген өтінім келіп түсті. Алайда мұн­дай операция жүргізу үшін ағза органдары жетіспейді. Көру қабілетін жо­ғалтқандарға АҚШ-тан органдар мен тіндер банкінен талшықтар жібе­ріл­ді. Жақын уақытта С.Асфендияров атын­дағы ҚазҰМУ-да тиісті опера­ция­лар жасалады. Қазір 300-ден астам адам өз кезегін күтіп отыр.
– Ал білім беру саласында қайы­рымдылық көмек түрі қалай жүр­гізіледі?
– Өткен жылы өңірлерде 20 көш­пе­лі отырыс және үкіметтік емес ұйым өкіл­дерімен өткізген 48 ZOOM коф­не­рен­цияда қоғам белсенділері мен аза­маттар тарапынан білім саласына көңіл бөлу туралы жиі айтылды, әсіре­се ауылдағы білім сапасына ерекше на­зар аударылса деген тілек айтылды. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек бол­ды. Біз үздік педагогикалық тәжі­ри­белер мен әдістемелерді енгізу, тірек мек­тептерді қажетті материалдық-тех­никалық базамен қамтамасыз ету ар­қылы аумақтық және әлеуметтік-эко­номикалық белгілер бойынша бі­лім беру сапасының алшақтығын қыс­қартуды ойладық. Ауыл мен қала мек­тебінің деңгейі, оқушыларға бері­ле­тін білім сапасы екі түрлі. Сол себеп­ті ауылдық жерлерде тірек мектеп­тер­дің әлеуетін көтеріп, оның материал­дық-техникалық жағдайын ғана емес, оқу орнына әдістемелік көмек беру мақсатында еліміз бойынша 17 ауыл­дық тірек мектепті жарақ­тан­дырамыз. Қазір 9 тірек мектеп жабдықталған. Еліміздің әр ауданында, шағын қа­лада және моноқалада бір мек­тептен робототехника ка­би­нет­тері жабдық­талатын бо­лады. Ауылдық және мо­­ноқалалардағы 27 мек­тепте бағдарла­ма­лау, құрас­тыру, ме­хат­роника, электро­тех­ника жә­­­не басқа да ба­ғыттар бо­йын­­­ша 6-сынып­қа дейінгі 160 оқушы бі­лім ала ала­ды. Білім са­ласын зер­делей келе ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­ларға арналған арнайы білім беру ұйым­дарының жағ­дайы ауыр екеніне кө­зіміз жетті. Өкінішке қарай, ұйым­дар­дағы қаржы­лан­дыру дең­­гейі тө­­мен. Біз ерек­ше ба­лаларға жағ­­дай жасау мақ­­­сатында арнайы білім бе­ретін 98 ұйым мен «Арнайы және инклю­зивті білім беруді да­мытудың Ұлттық ғы­лыми-прак­ти­калық ор­та­­лығын» ма­те­риалдық-тех­ни­калық жа­ғынан жа­­рақ­тандырамыз. Өт­кен жылы Шах­­тинск қаласында ар­найы мектеп­тің жа­­бдық­талуы аяқталып, таныс­тырылымы өтті.
Қаңтарда зардап шеккен 540 адамға қайырымдылық көмек көрсетілдіҚордың тағы бір қолға алған ісі – білім беру гранттары. Халықтың әлеу­меттік осал тобынан шыққан
2 267 студент білім грантының иегері атан­ды. 80-нан астам жоғары оқу орнында тегін оқып, стипендия алады. Әлемдік PISA рейтингіне сәйкес, білім беру көр­сеткіштері ауылда ғана емес, елдің ба­тысы мен оңтүстігінде де әлсіз. Сон­дықтан біз Қазақстанның бес об­лысында – Алматы, Маңғыстау, Қы­зыл­орда, Түркістан және Жетісуда тірек ауыл мектептері оқытушы­лары­ның біліктілігін арттыру бойынша Qazaqstan mektebine жобасын әзір­ледік. Тағы бір жоба әлемдегі ең көп сұранысқа ие Coursera онлайн білім беру платформасына қатысты. Қазақ­стандық студенттер үшін ол қолже­тімді болуға тиіс. Бірақ бұл үшін ағыл­шын тілін білу қажет. Орыс тілін­де мазмұн бар, бірақ соңғы уақыттағы сан­кцияларға байланысты шектеу бар. Ал қазақ тілінде контент мүлдем жоқ. Өткен жылы түлектердің 74 пайызы ҰБТ тапсыру үшін қазақ тілін таңда­ға­нын ескерген жөн. Сондықтан Ғы­лым және жоғары білім министрлі­гінің бастамасымен жоғары оқу орын­дары қазақстандық студенттер үшін Coursera платформасында ең өзекті 654 курс таңдады және биыл олар қа­зақ тіліне аударылады.
– Қор бағдарламаларының бір бө­лігі спорт саласына арналыпты. Осы бағытта спорт кешендерін са­лып, спорттық жабдықпен қам­тамасыз етесіздер ме?
– Елімізде спорт инфрақұрылымы қа­жетті деңгейде дамымаған, яғни мек­тептегі спортзалдан немесе ауыл­даҚаңтарда зардап шеккен 540 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді уақытша тұрғызылған алаңқайы ғана бар ауылдар бар. Бірақ өңірлерде қан­шама дарынды бала бар?! Сондықтан біз шалғайдағы елді мекендерде және спорт инфрақұрылымы деңгейі төмен ауылдарда спорт залдарды ашу мақ­са­тында «балалардың 24 спорт залы» жо­­­басын әзірледік. Қор жабдықтар мен спорттық инвентарь сатып алу тү­рінде қайырымдылық көмек көр­се­теді. Қазақша күрес, бокс, гимнастика түр­лері бойынша жабдықталған 23 спорт зал ашылды. Болашақта залдар са­нын 100-ге жеткізуді жоспарлап отыр­­мыз. Мұнымен қоса, мүмкіндігі шек­теулі балаларға арналған «Тұ­­саукесер» жобасы бар. Ерекше бала­лар денсаулығына байланысты әдет­тегі спорт секцияларына қатыса ал­май­ды. Сондықтан еліміздің 5 өңірінде ере­к­ше балаларға арналған дене­шы­нық­тыру-сауықтыруға арналған
5 үйір­ме аштық. Жаттығулар бокс, арм­­рес­тлинг, каратэ, ауыр атлетика жә­не жекпе-жек сияқты спорттың бес түрі­нен өтеді. Ең бастысы, осы үйір­ме­ге тұрақты қатысатын балалар ая­ғы­­нан тұрып, қозғалысын, көңіл күйін жақсартты.
Мүмкіндігі шектеулі азамат­тар­ды қолдау аясында еліміздегі жалғыз пара хоккей құрамасына 50 дана сырғытпа таяқ пен 16 шана та­быс­талды. Көп ұзамай қазақстандық құра­ма Тайландта өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанып, қазір тағы бір халықаралық турнирге дайындық үстінде.
– Жалпы, «Қазақстан халқына» қоры қайғылы Қаңтар оқиғасы­нан кейін құрылды. Оқиға кезінде зардап шеккендерге қор тарапы­нан қандай көмек берілді?
– Қаңтар оқиғасы баршамыздың қа­бырғамызды қайыстырғаны рас. Бүгін­де қор зардап шеккен 540 адамға 2 млрд-тан астам қаржы көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Оның ішінде қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік орган­дарының қызметкерлерінің отбасына 7 млн теңгеден, ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер жә­не Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне 3 млн теңгеден, қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіп­сіз­дік органдары қызметкерлері­нің от­басындағы кәмелетке толмаған 23 ба­лаға 2 млн теңгеден, Қаңтар оқи­ға­сының құрбаны болған 135 азаматтың отбасына 7 млн теңгеден, қаза тапқан азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 101 балаға 2 млн теңгеден, атыс қаруынан ауыр жарақат алған 138 азаматқа, Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасына 3 млн теңгеден материалдық көмек берілді.
Сонымен қатар біз білім беру гранттары бағдарламасына өзге­рістер енгіздік. Енді оқиға кезінде жараланған балалардың және қаза тапқан азаматтардың балаларына білім беру гранттары тағайындалады.
– Қорға әу баста қалталы аза­маттар мен үлкен кәсіпорын, биз­нес иелерінен қыруар қаржы құйыл­ғанын білеміз. Кейіннен бұл үрдіс сәл саябырсып қалған­дай болды. Қорға қаржы аударуды салық түрінде міндеттеу тетігі де ұсынылған еді. Қазір қор қалай толығып жатыр?
– Ең алдымен, қорға қаражат ау­дар­ған барша азаматқа – ірі кәсіпкер­лерге, қайырымдылық ұйымдары мен кә­сіпорындарға, ел азаматтарына ал­ғыс білдіреміз. Сіздердің қараж­аты­ңыздың арқасында мыңдаған аза­матқа қайырымдылық көмек берілді. Бұл іс жалғасын табады деп ойлаймын. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының 7 пайызы аударылады. Бұл қаражат бойынша жеке шот ашылады. Біздің қайырым­дылық көмек көрсету қағидалары­мыз­ға сәйкес «Самұрық-Қазынадан» түс­кен қаражат денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтан­дыруға бағытталған жобаларды қар­жыландыру үшін пайдаланылады.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Ділда Уәлибек

Leave A Reply

Your email address will not be published.