Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияға басып кіріп, тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 11 адамға прокурор жаза сұрады
11 адамның соты былтыр қыркүйекте басталған.
Айыпталушылар бұған дейін тергеудің объективті жүрмегеніне шағымданды. Сондай-ақ оларды тергеу абақтысында азаптағанын да мәлімдеген. Бірақ бұл дәлел болмағандықтан жабылған.
Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады.
- Серік Кекілбаев Матайұлы «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне күш қолдану» бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру;
- Тұрсынбай Алпысбаев Бауыржанұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне күш қолдану» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Ақжол Жандарбеков Смайылұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру», «билік өкіліне күш қолдану», «адамды кепілге алу» бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру;
- Нұртас Каранеев Сейітмұхаметұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Рысбек Мамыров Жүнісбекұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылжылға бас бостандығынан айыру;
- Қосай Маханбаев Кәрімгалиұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Әбидолла Таубай, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Арман Әлімбеков Әшірәліұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Нұрсұлтан Байкісиев Сұбханұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Дәурен Бакиев Маратұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- Серікбол Орынғазы Орынбайұлы, «жаппай тәртіпсіздік», «ғимаратқа басып кіру» бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру.
Прокурордың сөзінше, 11 адамның 9-ы кінәларын ішінара мойындаған. Ал Нұртас Қаранеев пен Серік Кекілбаев айыпты мойындамаған.
Айыпталушылардың бірі Ақжол Жандарбеков тергеу изоляторында қамауда отыр. Қосай Маханбаев үйқамақта. Ал қалған 9 адам бостандықта жүр.
https://stan.kz/kantar-okigasi-kezinde-rezidenciyaga-basip-kirip-tartip-398417/