ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

190
Қазір шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жинап, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруда.
Биыл аймақта 4,6 мың гектардан қант қызылшасы жиналады. Бүгінгі күні тәтті түбір жинауды Жамбыл және Меркі аудандарының диқандары бастады. Қазіргі уақытта 1 476 тонна өнім алынып, әр гектардағы орташа өнім 747,7 центнерді құрауда.
Жамбыл ауданындағы 35 шаруашылық 691 гектардан, ал Меркілік 75 диқан 1,5 мың гектардан мол өнім алуды көздеп отыр.
Айта кету керек, ағымдағы жылы 10,8 мың гектарға егілген балтамырдың 6,2 мың гектары жарамсыздыққа ұшырады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.