Канал жұмысы жүйелі жүруі керек

58

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов Жамбыл ауданында болып, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұловпен бірге Айшабибі ауылдық округінде орналасқан «Райс» магистралдық каналдар жүйесіндегі жөндеу жұмыстарын көрді.

1972 жылы салынған магистралдық каналдар жүйесі «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының теңгерімінде. Ұзындығы 33,6 шақырымды құрайтын каналдың 3098 гектар егістікті ылғалдандыруға мүмкіндігі бар.

Жобаға сәйкес каналға жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталған. Құрылыстың құны – 1 миллиард 817 миллион 343 мың теңге. Жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы «Еуразиялық даму банкі» бағдарламасы арқылы бөлінген. Ал, құрылысты қолға алған «Бурводстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалпына келтіру жұмыстарын о сы жылы аяқтауға тиіс. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде «Райс» каналының өткізу қабілетін секундына 3 текше метрден 4,5 текше метрге дейін арттыру үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. Бұл өз кезегінде шаруалардың ағынсудан таршылық көрмеуіне септігін тигізеді. Канал басындағы қарбаласты назарға алған Ғали Қаланұлы мердігерге құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды және жеке бақылауында болатынын айтты. Сапар кезінде мемлекеттік инспектормен аудандық мәслихаттың төрағасы Мұхтар Шайдаев, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Дәрмен Дәулетов бірге жүрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.