Камала Харрис 2028 жылғы АҚШ президенттігіне қайта түсетінін айтты

57

Фото: Drew Hallowell/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис 2028 жылғы президент сайлауына қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Алайда ол әзірге нақты шешім қабылдамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “BILD на русском” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис 2028 жылғы президенттік сайлауға қайта түсу ықтималдығын жоққа шығармады. Ол сұхбатында айтып, мәселені әлі де ой елегінен өткізіп жатқанын жеткізді.

«Мүмкін. Мен бұл туралы ойлап жүрмін. Төрт жыл бойы президенттікке бір қадам жақын болдым. Бұл қызметтің қандай екенін білемін және оның қаншалықты жауапкершілік талап ететінін түсінемін», – деді Харрис.

Сауалнамаларға сәйкес, Демократиялық партия ішінде ол қазірдің өзінде негізгі үміткерлердің бірі саналады. Харрис ықтимал кандидаттар рейтингінде 26,46% қолдаумен алда келеді. Ол Гэвин Ньюсом (19,52%) көрсеткішінен озып тұр.

Ал үздік бестікке сондай-ақ Пит Буттиджич (8,58%), Александрия Окасио-Кортес (7,95%) және Джош Шапиро(5,92%) кірген.

Харрис бұған дейін де президенттік додаға қайта оралуы мүмкін екенін меңзеген еді. 2025 жылдың соңында BBC-ге берген сұхбатында ол «Мен әлі аяқтаған жоқпын», – деген еді.

Айта кетейік, Харрис 2024 жылғы сайлауда Демократиялық партия атынан түсіп, Дональд Трамптан жеңілген еді. Ал 2020 жылы ол сайлауалды науқанын бастап, бірақ праймериз аяқталмай жатып өз кандидатурасын қайтарып алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.