12 бірлік автобус енді Кенен Әзербаев көшесі, Гидрокешен, Қойгелді көшесі, Абай көшесі, Темір жол вокзалы, Дүкенұлы, Лермонтов, Сейфуллин, Әл-Фараби көшелері арқылы қалалық аурухана, қан орталығына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, «Smart City Servise» ЖШС 14 автобус (өндіріс орны Өзбекстан мемлекеті, Isuzu маркалы автобустар ұзындығы 9,0 метр, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды, оның ішінде отыратын орын саны – 25) сатып алған. Оның 12-сі №41 бағытта жүрсе, қалған 2 автобус 8, 9, 56 маршруттардың резервтеріне қолданылады.