Қала прокуроры Н.Боранбаевтың имамдарға жүгінуі

106

Бүгінгі таңда қала аумағында үлкен дертке айналып бара жатқан жастар арасындағы синтетитикалық нашаны пайдалану, интернет желісі арқылы алаяқтық қылмыстар фактілері және жасы кәмелетке толмағандар арасында неке қию кеңінен таралуда. Осы мәселелерге тосқауыл қою үшін халық көп жиналатын іс-шараларда (жұма намаз, құдайы тамақ және т.б.) құқықбұзушылыққа алып баратынын жиі насихаттап, түсіндіру үшін қала прокуроры жергілікті мешіт имамдарына жүгінді.
Өз кезегінде діни қызметкерлер қала прокуратурасының бастамасын толық қолдап, тұрғындар арасындағы алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстарына белсенді түрде атсалысатындарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.