«Қақпа алдындағы кездесу» өтті

106

Жамбыл обылысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеген 3 азаматтың бостандыққа шығуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді.

Аталған шарағаТараз қаласы «Мансап» орталығының қызметкерлері – Ерлан Байұзақов пен Мұрат Әмреев, Тараз қаласы №1 пробация қызметі бастығының м. а., әділет майоры Айбек Ниязымбетов және Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ инспекторы, полиция капитаны Айжан Көшкінбай қатысты.

Басқосу барысында босатылған азаматтарға еркіндіктегі өмір жағдайына қалыптасып, қайта қылмыс жасамай сыртқы ортаға бейімделуіне құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсетілетіні жөнінде түсінік берілді.

Азаматтар өздерінің алға қойған мақсаты бар екенін, алдағы уақытта қайта қылмыс жасамайтынын айтып, заң алдында адал өмір сүруге уәделерін берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.