«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы өтті

778

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы өтті. Оның аясында 2 азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты. Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу, құжаттандыру, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ә.Дәулетқұлов, №1 пробация қызметінің бастығы, әділет майоры А.Ниязымбетов және Тараз қалалық «Мансап орталығының» бас маманы М.Амреев қатысты.

Шара барысында босатылған азаматқа құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметінде профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтылды.

– Жалпы, «Қақпа алдындағы кездесу» жобасын өткізудің маңыздылығы өте жоғары. Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, құқықтық көмек бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңестер береді, – деп түсіндіріп өтті әділет подполковнигі Ә.Дәулетқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.