«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті

285

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінен жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылуына және шартты түрде мерзімінен бұрын бірдей 3 сотталғандардың босатылуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті.

Бас бостандығынан айыру орынынан босатуға дайындык кезенінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді. Сотталғандармен босатылатын күніде қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Еңбек мобильдігі орталығы Тараз қаласы бойынша «Мансап орталық» филиалынан білікті маман, Жамбыл облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция кызметімен және Тараз қалалық № 2 пробация қызметінен кызметкер шақыртылды.
Қақпа алдында кездесу іс-шарасы кезінде: босатылатын сотталғандарға ҚР- ның Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту және оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, денсаулық сақтау орындарында есепке қою және т.б тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді.
Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдында ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген отбасылары асыға қуана қарсы алды.

Меруерт Мыркалиева

Leave A Reply

Your email address will not be published.