Қадір түніндегі 10 сауапты амал мен күнәлі әрекет

1 039

Әбу Хұрайра (р.а.) сахабамыз жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с) «Кімде кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі» делінген (Бұхари, Қадір, 1).

Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?», – деп сұрағанда, Ол: «Аллаһумма, иннәкә афуун, тухиббул афуа, фаафу анни» (Уа Алла! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!), деп дұға ету керектігін үйреткен. Қасиетті қадір түнінде Құдай алдында қадіріңіздің қашқанын емес, мерейіңіздің өскенін ойласаңыз қолыңыздан келгенше төмендегі сауапты амалдарға көңіл бөліп,  күнәлі істерден абай болғаныңыз жөн!

kazislam.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.