ҚАБЫЛДАУ

29
Аудан әкімі Сакен Мамытов тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдауға алдын ала жазылған 8 азамат әртүрлі мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойып, көмек сұрады.
Қабылдау барысында тұрғындар негізінен әлеуметтік көмек, жер телімін бөлу және тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі әр тұрғынның мәселесіне мұқият назар аударып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әкім:
«Тұрғындардың мұң-мұқтажы – біздің басты міндетіміз. Әр мәселе заң аясында қаралып, барынша жылдам шешімін табады», – деп, халықпен тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырма жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.