ҚАБЫЛДАУ

129
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрақты тұрғын үй алу, кәріз жүйесін қазып беру, көп балалы ана ретінде «Күміс алқа» алу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Бірқатар мәселелер жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынды. Жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.