Итінің төрт жасын дүбірлетіп атап өткен алматылық сынға ұшырады

15

Той төріне тақия мен қазақы шапан киіп шыққан иттің аты Майлыбек екен. Мерейтойдың кәдімгі тойдан еш айырмашылығы болмаған.

Тойға қожайыны қырыққа жуық адам шақырған. Олар итке тілек жаудырып, кеш көрігін қыздырған. Ал ас мәзірінде тек адамдарға емес, ит-мысыққа арналған тағамдар болған.

Мәліметтерге сәйкес, бұл мерекені белсенді Темірлан Тоспаев ұйымдастырған. Ол осылайша қаңғыбас иттерге қамқорлық көрсету ниетінде қайырымдылық шарасын өткізіпті. Белсенді итінің туған күнін бұған дейін де тойлап келген екен.

“Әлеуметтік желіде көпшілік тойдың шығынына қызығушылық білдірді. Шын мәнінде қонақтардың сый-сияпаты мерекелік кештің бар шығынын толық жапты. Бұл тойды сынаған адам аз. Мен барлығын көріп отырмын. Керісінше, желі қолданушылары таң-тамаша болған. Мұндай той өткізудің ешқандай сөгеттігі жоқ деп ойлаймын”, – дейді ол.

 

Айта кетейік, бұған дейін Желіде тек қазақша ән мен қазақ тілінде сөйлегендерді ұнататын Майлыбек есімді ит жұртшылықты сүйсіндірген еді. Иесінің айтуынша жануарға тек қазақ тілінде ғана нұсқау берсең ол орындайды.

Фото: Видеодан скрин

https://stan.kz/itinin-tort-zhasin-dubirletip-atap-otken-almatilik-sing-410312/

Leave A Reply

Your email address will not be published.