ІССАПАР

260
ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Қуанұлы Кенжеахметов Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келді.
Мемлекеттік инспекторды Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов күтіп алып, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мемлекеттік инспектор жұмыс сапарын алдымен «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС-нің жұмысымен танысудан бастады. Одан кейін «Еврохим – Тыңайтқыш» ЖШС-іне барған ол компанияның жұмысымен танысып, өндіріс орнын аралады. Бүгінгі тыныс-тіршілігін көрді.
Сондай – ақ, егін шаруашылығымен айналысатын шаруалардың егістік жерлерін суарудың бірден – бір көзі «Ынталы» су қоймасындағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып және «Бүркітті» су қоймасының жағдайын көрді. Сала басшылары бүгінгі таңдағы жұмыстарды баяндады.
Аудандағы жұмыс барысымен танысқан ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Қуанұлы құрылысы жүргізіліп жатқан кальцийлендірілген сода өндіретін «Казсода» ЖШС-нің жұмысымен де танысып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң пікірін білдірді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.