Ішпек түгілі жуынуға да жарамайды: Ақтау қаласында тұрғындар құбырдан аққан лай суға шағымданды

106

лай су

Қала тұрғыны Света Өтелгенова кесте бойынша кешігіп келетін ыстық судың лай екенін айтады. Сөзінше, құбырдан аққан су жуынуға да жарамайды. Қазір амалы құрыған келіншек көшедегі автоматтардан су тасып жүр. Оның әр литріне 10 теңге төлеп, күніне 20 литрін тұтынады екен.

СВЕТА ӨТЕЛГЕНОВА, Ақтау қаласының тұрғыны:

“Жаз бойы су бір келеді, бірде келмейді. Жаңа мен ас үйден аштым, ашсам қап-қара қара су. Ыстық су жаңа келіп бастады. Дәретханаң бар, ас үйің бар, ыдыс-аяғың мен тамағың бар пісіретін. Оның бәріне қайта-қайта су тасып шаршадым”, – деді Света Өтелгенова.

“ХХІ ғасырда мынандай дұрыс жағдай жасалу керек қой. Барлық нәрсеге адамдар ақшасын төлеп жатыр. Суды сатып алып ішу дұрыс емес нәрсе деп ойлаймын қазіргі заманда”, – деп қосты қала тұрғыны Рыскүл Тикеева.

Ауыз судың әлегін айта-айта шаршаған халық енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Әкімдік өкілдері облыс бойынша тәулігіне 51 мың текше метр судың жетпейтінін растап отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында 2025 жылға дейін 9 зауыт салу үшін 282 миллиард теңге қаражат бөлу жоспарда бар дейді.

Барлық зауыттың қуаты 260 мың текше метрді құрайтын болады тәулігігіне. Бұл зауыттар уақытылы іске қосылса, жаңа аталған облыстық деңгейдегі ауыз суға деген қажеттілікті толықтай өтеп, мәселені шешеді”, – деді Маңғыстау облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

Сонымен қатар шенеуніктер Ақтау қаласының ауыз су, кәріз және жылу желілерінің тозығы жеткенін айтып отыр. Сол үшін алдағы 2 жылда 918 шақырым инженерлік желіге жаңарту жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді.

https://stan.kz/news-371857/

Leave A Reply

Your email address will not be published.