Ірі сауда орындарындағы жағдаймен танысты

519

Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет аудан орталығындағы бірнеше ірі сауда орындарына барды. Ондағы мақсат бүгінде әлемге кең тараған жұқпалы аурудың алдын алу шараларын бақылау. Сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған үндеуін тұрғындар арасында түсіндіру.
Бүгінде төтенше жағдай орын алғалы бері бағаның шарықтап кеткені жалған емес. Осыны ескерген Рүстем Рысбайұлы «Бауырхан» базарына бас сұғып, бағалардың мән-жайымен танысып, санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, желдету, ылғалды өңдеуді залалсыздандырғыш құрал жабдықтарды қолдану қажеттігін баса айтты.
Түстен кейін індеттің алдын алу барысындағы жұмыстар бойынша аудан әкімі шұғыл түрде аудандағы барша сауда орталықтары басшыларымен кездесу ұйымдастырды. «Барша қызметкерлеріңізге сақтық шараларын ұйымдастырыңыздар. Өнімдердің де сақталуына назар аударыңыздар. Себебі, Сіздердің мекемелеріңізде адамдар көп жүреді. Басқа да жұмыс орындары төтенше жағдайға байланысты жабылып жатыр. Ал, шағын және орта бизнестің тоқталуына жол берілмеді. Осыны ескере отырып отырып, баға мәселесіне де көңіл бұрыңыздар.- деген Рүстем Дәулет бастысы бағаның тұрақты болуын қадағалауды тапсырды. Өз кезектерінде сөз алған сауда орындарының басшылары ұсыныстарын ортаға салып, тапсырылған міндеттерді орындайтындарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.