ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ: САҚШЫЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

136

Интернет алаяқтық — бұл интернетті қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың бір түрі. Ол ақша мен мүліктің құрбандарын бопсалау мақсатында ақпаратты жасыруды немесе теріс ақпарат беруді қамтуы мүмкін. Қылмыскерлер әлеуметтік желідегі инженерингті тиімді пайдаланып, қолданушыларға ақша аудартады немесе олар туралы жеке ақпараттарды алып, сол арқылы жеке шоттардағы ақшаны аударып алады.

Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қылмыстың әлеуметтік желілер арқылы жасалатын түрлері бойынша сақтану жолдары туралы қысқаша жадынамалар әзірленіп, адам көп шоғырланатын «Ас-Ер» мал базарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында тұрғындарға алаяқтықтан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары, яғни дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз тексерілмеген сайттар арқылы төлемдер жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефондар мен компьтерлерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез-келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеу жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.