Илон Маск пен SpaceX Техас штатында жаңа қала құрмақ

138

Шешім Калифорнияның гендерлік теңдік туралы жаңа заңына қатысты ұсынылған. Осы негізде Маск SpaceX штаб-пәтері Техасқа, Starbase деп аталатын нысанға көшетінін хабарлады. Бұл кешен Бока-Чика жағажайында, штаттың оңтүстік бөлігінде, Мексикамен шекараға жақын жерде орналасқан. Ол Starbase-ті заңды мәртебесі бар толыққанды қалаға айналдыруды жоспарлап отыр.

12желтоқсан күні SpaceX компаниясы Кэмерон округінің шенеуніктеріне бұл идеяны қолдау үшін жергілікті тұрғындар арасында дауыс беруді ұйымдастыруды сұрап хат жолдады.

«Starship-тің дамуы мен өндірісін жеделдету мақсатында жұмыс күшін қамтамасыз етіп, Starbase-ті толық қауымдастық ретінде дамытуымыз керек», – делінген компанияның хатында.

Маск бастаманы өзі қолдап, X-де былай деп жазды: «SpaceX штаб-пәтері ресми түрде Техас штатындағы Starbase қаласында орналасады!».

Маск үшін Техасқа көшу – жаңа қиындықтармен бетпе-бет келу. Ол мұнда жиырма жыл өмір сүрген Калифорниясын тастап, 2020 жылы көшіп келген еді. Енді ол әдеттегіден асып түсуді жоспарлап отыр. Ықпалын арттырып, SpaceX үшін ғана емес, Рио-Гранде алқабындағы жаңа қала үшін жаңа жоспар құрмақ.

Маск бұл идеяны әлеуметтік желіде алғаш рет 2021 жылы айтқан.  Содан кейін ол қысқаша: «Біз Техастағы Starbase қаласын құрып жатырмыз», – деп жазды.

SpaceX-тің аймақтағы жылдам дамуы жергілікті тұрғындардың сынына ұшырады. Осы жылдың шілде айында Save RGV компаниясы Масктың қаласын қоршаған ортаны былғады деп айыптады. Соның ішінде жақын маңдағы шығанаққа лас су ағызды деп сөгіп, компанияны сотқа берді.

SpaceX өз кезегінде айыптауларды жоққа шығарды. Ол мемлекеттік аудит қоршаған ортаға қауіп төндірмейтінін айтып, сотты «негізсіз» деп атады.

Фото: forbes.ru

https://stan.kz/ilon-mask-pen-spacex-tehas-shtatinda-zhana-kala-kyrmak-411174/

Leave A Reply

Your email address will not be published.