Ілияс Жансүгірұлының оқырман қолына жетпей қалған шығармалары жарық көрді

27

Ақынның төте жазумен ғана жарық көрген, бірақ көптің қолына жетпеген шығармалары қазіргі қазақ әліппесіне аударылып оқырманға жол тартты.

Алаштанушы Елдос Тоқтарбай Ілияс Жансүгірұлының алғашқы кітабының атымен ақынның бұрын жарияланбаған шығармаларын оқырман қауыммен қауыштырды.

«Ілияс Жансүгірұлы — менің сүйікті ақыным. Өрен жүйріктің 130 жылдығына орай деп неше жыл ұйқы көрмей түнімен жұмыс қылып едім, міне, соның нәтижесі ретінде алғашқы кітап (Беташар. Бұрын жарияланбаған шығармалар) қолыма тиді. Аллаға шүкір! Енді, бұйыртса, 4 кітап басылып жатыр… Бәрі сәтімен болсын! “Беташар” — ақынның алғашқы кітабы (1927). Сол алғашқы кітабының атымен бұрын жарияланбаған шығармаларын қайтадан жинақтап, оқырман назарына ұсындым. Қабыл алыңыздар!», – деді кітапты құрастырушы Елдос Тоқтарбай.

Бұл кітапқа Ілияс Жансүгірұлының “Беташар”, “Өтірік”, “Сағанақ”, “Балаларға базарлық”, “Жаңа жолда”, “Құл” т.б. еңбектері енген.

«Осы кітабымды Ильфа Ілиясқызының рухына арнадым. Аяулы апамның рухы шат болсын! Бұл кітапқа пікір жазып, әрқашан мені қолдап жүретін алаштану мен әдебиеттанудағы қос алыбым, аяулы Тұрсын Құдакелдіұлы мен Айгүл Серікқызы ұстаздарыма және досым Жаңагүл Шыңғысханқызына ризашылық айтамын» – деді алаштанушы ғалым.

Айта кетейік, кітап Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жарық көрді.

суретте осы сайттан алынды

Turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.