Игіліктіктер Сарысу ауданы әкімінің жұмысына оң бағаларын берді

65
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов бектілген кестеге сәйкес, Игілік ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Игілік ауылдық округінде ауылшаруашылығы, оңың ішінде егін шаруашылығы қарқынды дамуда. Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтарының 90 пайызы егіншілікпен айналысады.
Мемлекет басшысының әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, аудан басшысы есептік кездесуде өткен жылы атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Ауданда барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан басшысы Игілік ауылдық округінде де жүзеге асқан жобалар мен биылғы жылға жоспарланған жұмыстарға да тоқталды.
Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасына Игілік ауылдық округ енгізілген. Жүзеге асып жатқан жобаның игілігін Игіліктіктер де көріп келе жатыр. «Ауыл-ел бесігі» жобас аясында Өндіріс ауылдық клуб үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Ауданда елді мекендерді газбен қамту жобасы іске асып жатыр. Жоба биылғы жылы да жалғасады. Бұл жобаның ішінде Өнідіріс, Игілік ауылдары бар.
Биылғы жылы Өндіріс ауылындағы Отарбаев орта мектебі күрделі жөндеуден өткізу, тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысы жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының қасбетін жөндеу, Өндіріс, Игілік ауылындағы Ж.Жұмабеков, С. Орманов көшесіне ИДН және жол белгілерін орнату, Игілік ауылдық округіне төлқұжат орнату, Өндіріс ауылындағы Ж. Омаров көшесіне балалар ойын алаңы, стритвораут орнату, т.б жұмыстар жүзеге аспақшы.
Жиын барысында тұрғындар сөз сөйлеп, ауданда атқарылған жұмыстарға  оң  деген бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Жиын соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.