«Иә дедім»: Сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым жұртты таңғалдарды

131

Фото Жарқынай Ханайымның жеке архивінен

Әнші бұл фотоны Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Жарқынай Ханайым cуретте гүл шоғын ұстап, сақинасын көрсетіп тұр.

Актриса фотоның астына “Иә дедім” деген жазба қалдырған.

Оқырмандар әнші арудың жария еткен жаңалықты бірден қызу талқылап, оның рас-өтірігін біле алмай әлек болып отыр.



Жарқынай Ханайым бұл жазбасына қатысты әлі ресми пікір білдірмеді.

Еске салайық, таяуда актер Айдар Асқарбектің бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайым болашақ жары ретінде кімді көретінін айтқан еді. Онда ол бұдан кейін өнер адамымен араласқысы келмейтінін атап өтті.

https://stan.kz/ia-dedim-sakinamen-tusken-suretin-zhariyalagan-zharkina-400433/

Leave A Reply

Your email address will not be published.