«Grand bazaar» сауда кешенінде жәрмеңке өтеді

60
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
9 желтоқсан, сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері сатылады.
Жәрмеңкеде жалпы құны 35,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылада. Оның ішінде 7,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 11,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.
Құрметті қала тұрғындары! Келіңіздер, күзгі жиын-терін өнімдерін төмен бағада алуға үлкен мүмкіндік.
Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.