Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі командасының өкілі Жанар Өтешева оқырманның GGG туралы сұрағына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Гена қайда жоғалып кетті? Бәрі жақсы ма?» – деп сұрады әлеуметтік желі қолданушысы.
«Ол отбасымен бірге. Сондықтан бәрі дұрыс», – деп жауап берді маман.
Айта кетейік, 8 сәуірде Головкин өзінің 41 жасқа толған туған күнін атап өтті.
Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өткізді. Ол екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альвареске есе жіберген болатын.
https://turkystan.kz/article/219517-golovkinnin-kayda-zhogalyp-ketkeni-belgili-boldy/