«Ғибратты керуен» – Байзақта

534

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен облыстық ардагерлер кеңесінің бірлескен жобасы «Ғибратты керуен» апта соңында Байзақ ауданына табан тіреді.
Аталмыш шара аудан орталығы Сарыкемер мен Түймекент ауылында өтті. Зиялы қауым өкілдері екі жақта да келелі басқосу жасап, мәдениет саласының майталмандары мастер класс өткізді.
Атап айтқанда, ҚР мәдениет саласының үздігі, ақын Ахметжан Өзбеков «Ақынға керек көп ойлау…» тақырыбында айтыс ақындарына суырып салмалық өнерді үйретсе, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова аудандық «Шахан» халық театрына шеберлік сағатын өткізді. Ал, Мәдениет саласының үздігі, қолөнер шебері Рахат Сапаралиева жасөспірімдерге құмда сурет салу өнерін үйретті. К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Көреген Дастан домбырашылық өнерден шеберлік сағатын өткізді.
Аудандық мәдениет үйінің үлкен залында ақын Үміт Битенова, «Әбу Бәкір әс Сыддық» мешітінің найб имамы Ералы Киікбаев, жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Б.Құтжан және Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері тәрбие мен білім һәм дін тұрғысында әңгіме өрбітіп, байыпты басқосу жасады. Сондай-ақ, шара соңында көрермен назарына әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Бағдарлама облыстық филармония әртістерінің ән шашуымен аяқталды. Шараны «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев жүргізді.
Түймекент ауылдық мәдениет үйінде де жоғарыда аталған әр түрлі тақырып аясында спикерлер баяндама жасады. Бұл жердегі келелі кеңесте ҚР мәдениет қайраткері, актер Асқарбек Сейілханов модератор болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.