Газ алауы тұтанып, дәрігерлік амбулаториялар ашылды

128
Бүгін ауданымызға қарасты Күреңбел және Бәйтерек ауылдарындағы жаңадан бой көтерген 25 орындық дәрігерлік амбулаториялар салтанатты жағдайда ауыл тұрғындарының игілігі үшін пайдалануға берілді.
⚜️Айта кету керек, енді бұл нысандарда ауылдық округ тұрғындары әрдайым уақтылы және сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Себебі, емхана заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.
⚜️Сонымен қатар, Күреңбел ауылдық округіне қарасты Қаратас ауылында да көптен күткен қуаныш орын алды. Бұл ауылда бүгін газ алауы тұтанды. Шалғай ауылға көгілдір отынның келуі тұрғындар үшін — үлкен қуаныш, мереке.
Ауыл халқын қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын!
Жалғас Мұртаза, Жуалы ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.