
1941-1950 жылдары соғыс зардабынан бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылдан бастап, 1980 жылға дейін Коммунар совхозында жүгері егу жұмысында звеновод, ағаш өңдеу цехында жұмысшы, егін шаруашылығында мақташы, қызылша жинаушы болып еңбек еткен. 1980 жылы зейнетке шыққан. Мерекелік жүздесуде ғасыр жасаған ана елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеп, аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді. Маңдай тер, адал еңбегінің арқасында құрметке бөленген қарт ана бүгінде 30 немере мен 10 шөберенің қызығын көруде.