Ғалымдар әлеуметтік желілерді шектен тыс парақтау миға зиян келтіретінін дәлелдеді

68

Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, әлеуметтік желілерде шектеусіз уақыт өткізу мидың жұмысына кері әсер етеді. Бұған хабенула деп аталатын мидың арнайы аймағы себеп. Ол мотивацияны төмендетіп, тәуелділікті арттырады. Соның салдарынан адам бір нәрсеге ден қою қабілетін жоғалтады, жадысы нашарлайды және өмірге деген қызығушылығы бәсеңдейді.

Зерттеушілердің кеңесі:
1. Әлеуметтік желідегі уақытты шектеңіз.
2. Уақытыңыздың 80%-ын пайдалы контентке арнаңыз.
3. Таза ауада жиі серуендеңіз және жақындарыңызбен көбірек қарым-қатынас жасаңыз.

Мамандардың айтуынша, қарапайым әдеттерді өзгерту мидың жұмысын қалпына келтіруге және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.