Футболдан BAQ liga турнирінің жеңімпазы анықталды

53

Елордада шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga чемпионатының ХIII маусымы мәреге жетті. Екі айдан астам уақытқа созылған біріншілікке 13 команда қатысты. В лигасында дебютант болса да Qaz365.kz ақпараттық порталының командасы топ жарды. 

Футболдан BAQ liga турнирінің жеңімпазы анықталды

Команда жігіттері чемпиондық атаққа бір тур қалғанда қол жеткізді. Жеңімпазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі марапаттады.

Qaz365.kz командасы 12 матчта 29 ұпай жинады. Қарсылас қақпасына 60 гол соғып, өздері 30 доп жіберді. Үздік сұрмергендер номинациясында Qaz365.kz командасының екі бірдей ойыншысы үздік сұрмерген атанды. Атап айтсақ, Дастан Заманбеков пен Есенбол Иманғазы 22 голдан соқты. Сондай-ақ Дастан Заманбеков лиганың үздік ойыншысы атанды.

Футболдан BAQ liga турнирінің жеңімпазы анықталды

Екінші орын Қанат Базылхан бастаған «Хабар-24» ұжымына бұйырса, үздік үштікті Monkey Media.kz түйіндеді.

А лигасында «Қазмедиа» үздік шықса, екінші орын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына бұйырса, үштікте Meta-ratings.kz бар.

https://turkystan.kz/article/231001-futboldan-baq-liga-turnirinin-zhenimpazy-anyktaldy/

 

Футболдан BAQ liga турнирінің жеңімпазы анықталды

Leave A Reply

Your email address will not be published.