Фракция отырысында Тараз қаласының даму бағдары мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған негізгі басымдықтар қаралды

70

«AMANAT» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысы өтті.

Кезекті жиында Тараз қаласында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдарына азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар ортаға салынды. Ол бойынша қала әкімі Бақытжан Орынбековтың баяндамасы тыңдалды.

Облыс орталығында бағдардамада бекітілген 53 көрсеткіштің – 33 бүгінде орындалып, 18 көрсеткіш жыл қорытындысымен орындалады. Шарада бұдан өзге шаһарға қатысты ширатылуы тиіс бірқатар мәселелер талқыланды. Оның ішінде, қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары. Биыл облыс орталығында күтіп-бағу орыны салынып жатыр. Бұған дейін қалада болмаған иесіз иттерді күтіп-бағу орны жұмысының жай-жапсарын таныстырды.

Сонымен қатар, қаладағы өзекті мәселенің бірі – қоғамдық көлік мәселесі болатын. Партияның сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда 70 автобуспен қамту жоспарланғанымен бұл меже 3 жыл ішінде толықтай орындалатын болады. Мәселен, биыл жыл басынан бері 38 автобус алынса, жыл соңына дейін тағы 45 су жаңа қоғамдық көлік алынады екен.

Облыс орталығында электр желілерін ауыстыру да күн тәртібінде. Аталған бағытта биыл тындырымды тірліктері атқарылған. Ал келер жылы ағаш бағаналарды бетон бағаналарға ауыстыру жұмыстары басталмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.