Еңбек күні аталып өтті

215

Елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Сонымен қатар бұл мезет   машина жасаушылардың да кәсіби мерекесі. Қос атаулы күн де еңбекпен тығыз байланысты. Өйткені еңбек адамы әрбір саланы алға басуына ат салысып, елдің өркендеуіне үлес қосады.

Осыған байланысты еңбек күніне  орай аудандық  Жастар ресурстық орталығы  Алға ауылдық округінің әкімі Б.Есбергеновпен  бірлескен шара өткізген болатын.  Шара барысында Амангелді атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары  «Total Eren»  компаниясының күн көзінен электр қуатын өндіретін станциясында болып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.

Нысанға кірместен бұрын  станцияның басқарушысы Жандос Тілешов қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, оқушыларды панельдер орналасқан аумаққа кіргізді. Онда оқушылар өздерін ерте келген мектеп директоры Қ.Бабасова және ұстаздарымен нысанды өз көздерімен көрді.

Одан бөлек  оқушыларға станцияның мүмкіндігі туралы мағлұмат беріліп, тиімді  тәсілмен энергия өндірудің өзектілігі айтылды.

-Біздің компания елімізде күн сәулесінен электр қуатын өндіретін ірі кәсіпорынның бірі.  Себебі бізде өндірілетін қуат 100 МВт-ты құрайды.  Аталған нысан 2019 жылы іске қосылып, 41 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда 300 мыңға жуық күн панельдері орнатылған. Оларға күннің көзіне қарай ыңғайланатын арнайы трекерлер қойылған.  Көріп отырғандарыңыздай осынша аумаққа қойылған панельдер тәулігіне 64 мың үйді электр жарығымен қамтамасыз ете алады,-деді Ж.Тілешов.

Ауылдың іргесіндегі орын тепкен кәсіпорынға алғаш келген шәкірттер өз таңданыстарын жасыра алмай, компания өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды. Әрі физика пәні бойынша білімдерін шындап, таным көкжиектерін кеңейтті.

Шараны ұйымдастырушылар турды өткізудегі басты мақсат жастарға еңбек адамдардың таныстыру, қажетті мамандық таңдауға талпындыру дейді.  Себебі қазіргі таңда энергетика саласы білікті мамандарға сұранып отыр. Сондықтан мұндай шаралардың жастарға берері мол.

Б.Емберді,Шу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.