ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

79

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыкемер мектеп-гимназиясында  аудан әкімі Бақыт Қазанбасов  білім бөліміне қарасты мектептердің кіші қызметкерлерімен кездесіп, еліміздің басты мерекесімен құттықтады.

— Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біз үшін Тәуелсіздік мерекесінің орны ерекше. Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Осынау мереке қарсаңында еңбектеріңізге табыс тілеймін. Сіздердің мектеп ішінде атқарып жатқан жұмыстарыңыз орасан. Мектеп ережесін сақтап, тазалық пен тәртіпті ту еткен сіздерге алғыс білдіре отырып, отбасыларыңызда береке, шаңырақтарыңызда тек қуаныш болсын,-деп аудан басшысы ақ тілегін білдірді.

Әрмен қарай шара марапаттау сәтіне ұласып, жиын қатысушыларына  аудан әкімінің және аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хаты және сый-сияпаттары табысталды.
Шара соңында облыстық білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев мерейлі мейраммен құттықтай отырып, ізгі тілегін жолдады.

Арайлым НАРБАТЫРОВА.

Leave A Reply

Your email address will not be published.