ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ — ҚҰРМЕТ

63
Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерерінің күніне орай, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Достай Сәрсембиев пен «Ильяс» шаруа қожалығының жетекшісі Ербол Боршеков Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» төсбелгісімен марапатталды.
Астанадан келген ақжолтай марапатты аудан әкімінің орынбасары Әбжапаров Бақытхан Жаханұлы иелеріне салтанатты түрде табыстады.
Бахытхан Жаханұлы марапат иелерінің ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында атқарып келе жатқан тынымсыз еңбектерін атап өтіп, оларға отбасыларының амандығын тіледі. Ары қарай да табысты еңбек етуге тілектестік білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.