«ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ТАЛАС АУДАНЫНДА

249
«Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы шежіресі құмға сіңген, аты аңыз бен ақиқатқа толы Талас ауданында жалғасты.
Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Тамды ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Абдрахман Асылбектің 85 жылдық мерейтойына орай «Өмірді өлеңменен өрнектеген» еске алу кеші өтті.
Ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы қатысты.
Одан әрі еске алу кешінде ақын шығармашылығы жайында түсірілген бейне үзінді көрсетіліп, ақынның танымал туындыларының бірі «Жар-жар» әнінің шығу тарихы туралы көрініс ұсынылды.
Сонымен қатар ақынның сөзіне жазылған «Менің өлкем», «Келші айым» әндері шырқалып, ақынның шығармашылығына арналған «Өмірді өлеңменен өрнектеген» кітап көрмесі таныстырылды.

Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.