Емхана пациенттеріне бетперделер таратылды

350

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың  «Қазақстан Республика халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы»  қаулысын орындау мақсатында Тараз қалалық №9 емханада эпидемияға қарсы режим күшейтілген  болатын. Емханаға қаралушылардың күнделікті ағымын азайту үшін онлайн  дәрігерлік кеңес берумен қатар, рецепт бойынша  дәрі-дәрмекті үйге жеткізу мүмкіндігі қарастылыған.

Аталмыш шараға сәйкес, дәрігерлер  коронавирус инфекциясына қарсы мобильді топ құрып, алгоритм бойынша жұмыс істеуді бастады.  Сонымен қатар, емханаға келетін күдікті науқастарға  арналған   оқшаулау кабинеті толықтай жабдықталған.

Медицина қызметкерлеріне үнемі дәрігер-эпидемиологтар семинарлар өткізуде. Емханада  жеке қорғаныс құралдары,  бір ретті және көп ретті I-II типтегі обаға қарсы костюмдер, респираторлар, антисептиктер, бетперделер және дезинфекциялық жабдықтар жеткілікті мөлшер қамтылған.

Еске сала кетсек, Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен коронавирустың алдын-алу мақсатында 4 мыңға жуық медициналық бетперделер дайындалған болатын. Осыған орай, №9 Қалалық емханасының қолдауымен  Тараз «жастар  ресурстық орталығы» мен ерікті жастар  бірлесе отырып, созылмалы аурулары бар науқастарға тегін бетперделер таратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.