Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде 6 шілде – Елорда күніне орай қабырға газеті сайысы өткізілді.
Бұл сайыстын мақсаты — сотталғандардың шығармашылық және әлеутеттік белсенділігін көтеру, адамның жан-жақты дамуын қалыптастыруда олардың танымдық қызметін ынталандыру; салауатты өмір салтының құндылықтарын дамыту, жаман әдеттердің алдын-алу; темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлықтың жеке басына әсер етуін саналы бас тартуды дамыту.
Жарысқа жасақтардың сотталғандары қатысты. Қазылар алқасының жұмысы нәтижесінде орындар төмендегідей бөлінді:
Байқау барысында шығармашылық ойлау шеберлігін көрсеткен Владимир Летние үздік деп танылса, ІІ орынға Александр Ястребов лайық деп танылды. Ал, жүлделі ІІІ орынды Григорий Ушаков қанжығалады.