Елизавета II өзінен кейін таққа кімнің отыратынын айтты

201

Таққа отыруының 70 жылдығы қарсаңында Ұлыбритания патшайымы Елизавета II халыққа үндеу жариялап, оның отбасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Хаттың мәтіні Букингем сарайының Twitter-парақшасында жарияланды.

«Кейінгі жеті онжылдықта біздің барлығымызға пайда әкелген ерекше әлеуметтік, технологиялық және мәдени ұмтылыс байқалды. Болашақ бізге, әсіресе, Ұлыбританиядағы және бүкіл Достастықтағы жастарға осындай мүмкіндіктер ұсынатынына сенімдімін», – деп атап өтті II Елизавета.

Сондай-ақ алдағы мерейтойын тойлауды асыға күтетінін мәлімдеген ол 2021 жылдың көктемінде қайтыс болған жұбайы Ханзада Филиппті еске алды.

«Мен сіздерге мәңгі риза болып өтемін және маған деген адалдықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін мәңгі қарыздармын. Таққа отыратын уақыт келгенде ұлым Чарльз бен оның жары Камиллаға сіздер маған көрсеткендей қолдау білдіресіздер деп сенемін», – деді ханшайым.

Яғни, ханзада Чарльз патша тағына жайғасқанда оның әйелі Камилла патшайым-консорт титулына ие болуы мүмкін.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.