Елімізде тұңғыш рет идеялы «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы бастау алуда

347
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Талас архивінде
«Архив халықтың жады мен ұрпаққа хаты» атты ашық есік күні өткізілуде.
Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында архив мекемесінің ұйымдастыруымен Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің мәжіліс залында оқытушылар мен білімгерлердің қатысуымен «Архив халықтың жады мен ұрпаққа хаты» атты ашық есік күні өтуде. Ашық есік күнінің бастауы колледж ғимаратында басталып, архивтің ғимаратында жалғасуда. Мұнда құжаттар сақталатын қоймаларға және тағы басқа да экскурсиялар жасалуда.
Ашық есікті Талас ауданының мемлекеттік архивінің директоры А.Мухтаров алғы сөзімен ашып, жалпы аудандық архив саласында атқарылған жұмысы туралы интерактивті тақта (слайд) жүзінде көрсетіп, түсіндірді.
Колледж директоры Д.Маселбеков іс шараның өзектілігіне тоқталып, басым тұстарын айтып өтті.
Санымен қатар қатысушыларға колледж білімгерлері А.Мусаип «Архив өткен мен болашақтың мұрасы» және А.Жанбота «Таласым алтын бесігім» атты баяндамалар жасады.
Осы ретте «Архив халықтың жады мен ұрпаққа хаты» атты латын қарпімен және араб жазбаларымен жазылған архив қорындағы құжаттардан қойылған көрме білімгерлер мен оқытушыларға көрсетілді. Аудандық архив қызметкерлері ұйымдастырған көрмеге сонау 1930-1936 жылдардағы латын қарпімен және араб жазбаларымен жазылған құжаттар қойылды. Архив қорындағы құжаттардың дені латын әліпбиінен бастау алған. Оған аталған көрмеге қойылған құжаттардан келтiрiлген ​ мәлiметтер дәлел бола алады. Осындай құнды дүниелерді нақты дәлел ретінде қоғамға, білімгерлер мен оқушыларға таныстыру, кеңінен насихаттау, келер ұрпаққа аманаттау, оны сақтау архив қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Іс шарада колледж оқытушысы А.Сырғабаев сөз алып жалпы аудан тарихы туралы айтып өтті. Өз кезегінде «Ашық есік күні» тақырыбына байланысты қатысушылар мен мамандар арасында сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Аталған іс шара бір жұмыс күніне арналады. Іс-шаралар барысында атқарылған жұмыстар БАҚ беттерінде жарияланып отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.