Қазақстанның екі өңірінде балалар терезеден құлап, ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімтінше, 29 наурыз күні сағат 16.40-та Қарағанды облысының Саран қаласында 1А ықшам ауданында 2020 жылы туған қыз 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Қайғылы сәтте үлкен балалар үйде болды. Қыздың жағдайы ауыр.
29 наурыз күні сағат 20.26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 5-ші қабаттағы пәтер терезесінен 2021 жылы туылған қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.