Елімізде 4 мыңнан астам сайт бұғатталды

99

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Қайсар Сұлтанбаев балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат берді деп хабарлады turkystan.kz.

«Заңсыз мазмұны бар интернет-ресурстарды анықтауға бағытталған іс-шараларға ерекше назар аударылды. Биыл құқыққа қарсы бағыттағы 4 мыңнан астам интернет-ресурстар анықталып, бұғатталды», – деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, балалар жылын өткізу жөніндегі ведомстволық жоспар аясында имидждік, әскери-патриоттық және профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Сондай-ақ полиция мектептердегі қауіпсіздік, заңнама, бейтаныс адамдармен және қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері туралы оқыту сабақтарын ұйымдастырды.

https://turkystan.kz/article/209007-elimizde-4-mynnan-astam-sayt-bugattaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.