Елімізде 2 градусқа дейін аяз болады

204

Синоптиктер 15-17 маусымдағы ауа райына болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.

Болжам бойынша, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен жаңбыр жауып, найзағай түсіп, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады деп күтіліп отыр.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді, ауа температурасының түнде 2-10 градусқа дейін қысқа мерзімді төмендеуі, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.