«Елестерді аңду, трюфель аулау, жұлдызды бақылау»: Австралияда туристерге ерекше жұмыстар ұсынылды

37

Фото discovertasmania

Туристерге арналған ерекше жұмыстардың қатарына жұлдызшы, трюфель аңшысы, жергілікті сауна қызметкері кіреді.

Саяхатшылар сонымен қатар Австралияның ең көне ғимаратына барып, елестерді көруге болатын ең жаңа жабдық арқылы оларды аңдитын жұмысқа бара алады. Бұл ұсыныс тек бір жұмыс күніне арналған.

Одан бөлек вомбат тұқымындағы иттерді физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау үшін серуендету жұмысы да ұсынылған.



Фото discovertasmania

Сонымен қатар жергілікті саунада қызметкер болып, теңіз устрицаларын сұрыптауға болады. Теңіз өнімін тек сапаны бақылау үшін ғана дәмін татуға рұқсат етіледі.

Бұл ерекше жұмыстарға қазіргі уақытта Австралияда тұратын кәмелетке толған адамдар ғана бара алады. Бастаманы Тасмания туризм басқармасы іске қосқан.

https://stan.kz/elesterdi-andu-tryufel-aulau-zhyldizdi-bakilau-avstrali-402190/

Leave A Reply

Your email address will not be published.